Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.
Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Бірлескен отырысқа Мәжілістің 98 депутатының 97-сі және Сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Во время новой сессии темп работы Парламента будет еще выше — Президент РК
АСТАНА КАЗИНФОРМ — Глава государства поздравил всех с открытием очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».
«Поздравляю всех с открытием очередной сессии и желаю успехов в вашей ответственной деятельности! После весенних выборов количество партий в Парламенте увеличилось, существенно изменился и состав депутатов.
Фракции политических партий и депутаты-одномандатники активно включились в работу, инициируя много актуальных законопроектов и поднимая важные вопросы развития страны. Большую работу парламентарии проводили и в летнее время.
Всего за два месяца они посетили свыше 1200 населенных пунктов и встретились с избирателями, ознакомившись с ситуацией на местах. Выражаю всем искреннюю признательность за плодотворную деятельность. Думаю, что во время новой сессии темп работы будет еще выше», — сказал Касым-Жомарт Токаев.
Ұлттық қор – балаларға: Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды», — деді Мемлекет басшысы.
Президент «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатындығын айтты.
«Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сыртқы сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті – Тоқаев
Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті, — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің мәлімдеуінше, былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Сыртқы сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті – Тоқаев
Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті, — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің мәлімдеуінше, былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Касым-Жомарт Токаев: За полтора года осуществлены кардинальные изменения
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Глава государства перечислил меры, напрямую повлиявшие на качество жизни казахстанцев, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на Акорду.
«С 2020 года заработная плата учителей выросла в два раза. Существенно увеличилась и зарплата врачей, сейчас их доходы значительно выше средних зарплат по стране. Гражданам предоставлена возможность использовать часть пенсионных накоплений. Данная мера благотворно повлияла на благосостояние около миллиона человек, позволив им решить свои жилищные проблемы. В рамках проекта «Комфортная школа» будет построено около 400 школ. В сельской местности возводятся более 300 объектов здравоохранения. Начата реализация проекта «Нацфонд – детям», в рамках которого уже с нового года на счета детей начнут поступать средства. В собственность государства возвращено 8 миллионов гектаров неиспользуемых или незаконно выданных земель. Я назвал только часть уже реализованных на практике инициатив. Проделана большая работа, и она будет продолжена», — сказал Касым-Жомарт Токаев.
Президент также напомнил, что с прошлого года в стране проводятся масштабные политические преобразования.
«Всего за полтора года осуществлены кардинальные изменения. Вы были их свидетелями и сами активно участвовали в реализации реформ. Принятые меры позволили обеспечить оптимальный баланс между ветвями власти. Страна перешла на модель президентской республики с сильным парламентом. Таким образом, еще более укоренилась формула «сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство». Нам предстоит на деле воплотить в жизнь принципы «слышащего государства», и здесь особая роль отводится Парламенту.
Сделаны важные шаги в сфере защиты прав человека. Проводится масштабная работа для обеспечения верховенства закона и справедливости. Расширены возможности участия граждан в принятии государственных решений. Политическая культура общества вышла на качественно новый уровень», — добавил Глава государства.
Касым-Жомарт Токаев отметил, что Казахстана сохраняет положительную динамику по всем ключевым показателям экономического развития.
«Чтобы стать по-настоящему развитой страной мы должны совместить политические реформы с глубокими и всесторонними социально-экономическими преобразованиями. Несмотря на сложную геополитическую ситуацию, наша страна сохраняет положительную динамику по всем ключевым показателям экономического развития.
В прошлом году ВВП Казахстана составил 104 триллиона тенге. Привлечены рекордные 28 миллиардов долларов прямых иностранных инвестиций.
Внешнеторговый оборот также достиг рекордного уровня – 136 миллиардов долларов, из которых 84 – это экспорт. Опора стабильности нашей экономики – внешние резервы – вплотную приблизились к 100 миллиардам долларов», — сказал Президент РК.
Глава государства подчеркнул, что в глобальной экономике и международном разделении труда происходят фундаментальные сдвиги.
«Вместе с тем большинство государств также не стоят на месте. Сегодня в глобальной экономике и международном разделении труда происходят фундаментальные сдвиги. Набирает обороты технологическая гонка, повсеместно обостряется конкуренция за ресурсы.
В высшей степени актуализировались проблемы изменения климата, продовольственной безопасности, устойчивого демографического развития. Одним словом, человечество вступило в очередную эпоху беспрецедентных вызовов и кардинальных перемен.
В такой важный период у нас имеются все возможности для мощного экономического рывка. Для этого мы должны поэтапно, но твердо и решительно, перейти на новую экономическую модель, во главе которой стоят не абстрактные достижения, а реальное улучшение жизни граждан», — сказал Президент РК.
По словам Касым-Жомарта Токаева, определяющими принципами нового экономического курса страны станут справедливость, инклюзивность, прагматичность.
«Новая парадигма экономического развития Казахстана будет основана на эффективном использовании наших конкурентных преимуществ, а также раскрытии потенциала всех ключевых факторов производства – труда, капитала, ресурсов и технологий.
В рамках новой экономической политики мы отойдем от практики постановки долгосрочных эфемерных целей. Все задачи, изложенные в данном Послании, должны быть решены за три года, по наиболее сложным – будут определены другие конкретные сроки», — заключил Президент Казахстана.
Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – Саяси реформаларды түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңізге мәлім, былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған баршаңыз куә болдыңыздар, реформаны жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істедіңіздер. Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды.
«Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет», — деді Президент.
Президент: Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы өтіп жатыр.
Қазір көптеген ел ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сол себепті біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек, — деп айтты Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Президент мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті екенін айтты.
Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек, — деді Мемлекет басшысы.
Президент РК озвучил основные контуры предстоящих экономических реформ
АСТАНА. КАЗИНФОРМ — Глава государства в ходе открытия очередной сессии Парламента РК представил основные контуры предстоящих структурных экономических реформ, передает МИА «Казинформ».
«На текущем этапе самая важная задача – это формирование прочного промышленного каркаса страны, обеспечение экономической самодостаточности. Поэтому основной упор нужно сделать на ускоренном развитии обрабатывающего сектора. Мы должны реализовать ряд по-настоящему судьбоносных для нашей страны проектов. Задача диверсификации экономики становится еще более актуальной», — отметил Касым-Жомарт Токаев.
По словам Президента РК, следует сфокусироваться на таких направлениях, как глубокая переработка металлов нефте-, газо- и углехимия, тяжелое машиностроение, конверсия и обогащение урана, производство автокомпонентов и удобрений.
«Другими словами, нужно создать кластеры высокого передела», — подчеркнул Глава государства.
Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет — Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Енді экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталайын. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн.
«Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», — деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керектігін айтты.
«Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, Президент кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуы тиіс екенін тапсырды.
«Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн. Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз. Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек», — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пайымынша, сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет.
«Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз», — деді Мемлекет басшысы.
Армия должна быть обеспечена высокотехнологичным вооружением и военной техникой — Глава государства
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Касым-Жомарт Токаев в ходе открытия очередной сессии Парламента РК высказался о всемерном укреплении оборонно-промышленного комплекса, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на Акорду.
«Еще один важный вопрос – всемерное укрепление оборонно-промышленного комплекса, который в развитых государствах играет ключевую роль в обеспечении национальной безопасности. Важнейшей задачей является создание цикла производства с высокой долей локализации, позволяющей снизить зависимость от импортных поставок.
Наша армия должна быть обеспечена высокотехнологичным вооружением и военной техникой, в том числе бронетехникой, беспилотными летательными аппаратами, современным стрелковым оружием. Нужно укрепить производственные мощности по оперативному ремонту техники, усилить поддержку отечественных предприятий.
Соответствующая материально-техническая база, компетенции и кадры у нас имеются. Им нужны заказы от соответствующих ведомств. Следует продолжить работу по трансферту современных технологий и локализации новых производств. Механизмом прямой финансовой поддержки отечественных предприятий станет специальный Фонд развития оборонно-промышленного комплекса», — сказал Президент РК.
Ауыл шаруашылығында қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отырмыз – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін айтты.
«Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты келешегі зор бағыттарға басымдық беру керегін жеткізді.
«Өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Касым-Жомарт Токаев: Требует решения вопрос энергетической безопасности
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Касым-Жомарт Токаев в ходе открытия очередной сессии Парламента РК заявил, что в стране требует решения и вопрос энергетической безопасности, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на Акорду.
«Череда аварий на теплоэлектростанциях прошлой зимой остро высветила копившиеся годами проблемы изношенности инфраструктуры. Устаревшая инфраструктура оказывает прямое влияние как на социальное самочувствие граждан, так и на темпы индустриализации нашей страны. Очевидно, что воплотить в жизнь новую экономическую модель без модернизации инфраструктуры невозможно. В разрабатываемом Правительством Инфраструктурном плане важно определить все проблемы данной отрасли и обозначить пути исправления ситуации. Требует решения и вопрос энергетической безопасности. В этой сфере, насколько это возможно, следует опираться на собственные ресурсы. Ключевая роль отводится электроэнергетическому сектору. В ближайшие пять лет будут введены новые энергетические мощности объемом как минимум 14 гигаваттов. Уже в этом году завершается реконструкция первого блока Экибастузской ГРЭС-1. На станции будут работать все 8 блоков, чего ранее никогда не было. Реализуется проект по расширению ГРЭС-2, начинается проект по строительству ГРЭС-3», — сказал Касым-Жомарт Токаев.
Президент также отметил, что в стране продолжится реализация проектов возобновляемой энергетики.
«Казахстан в принципе не должен импортировать электроэнергию, быть зависимым от соседних стран. То, что происходит сейчас, недопустимо со всех точек зрения, в первую очередь с точки зрения безопасности государства.Разумеется, продолжится реализация проектов возобновляемой энергетики. Отдельного внимания заслуживает развитие гидроэлектростанций.
Энерго-, тепло- и водоснабжение представляют собой единую технологически взаимосвязанную систему. К ней необходимо подходить как к отдельной важной отрасли экономики. Действующий подход во многом себя исчерпал. Сегодня требуются новые решения», — озвучил Глава государства.
Кроме того, по словам Президента предстоит перезагрузить тарифную политику, внедрить новые методы тарифообразования, повысить инвестиционную привлекательность отрасли. «Для всех субъектов естественных монополий следует ввести адекватные рыночные тарифы сроком на 5-7 лет. Гарантированный долгосрочный тариф позволит планировать инвестиции, выступит «твердым» залогом при привлечении кредитных средств. При этом должна быть значительно повышена ответственность монополистов. Будут внедрены цифровые инструменты контроля, расширен доступ граждан к информации по исполнению тарифных смет и инвестиционных программ», — заключил Касым-Жомарт Токаев.
2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін», — деді Президент.
Мемлекет басшысы трансшекаралық су көздеріне тәуелді ел екендігімізге назар аудартты.
«Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер», — деді Президент.
Программа «Ауыл аманаты» доказала свою востребованность — Глава государства
АСТАНА КАЗИНФОРМ — Перед нами стоит еще одна задача – добиться реального прорыва в агропромышленном комплексе. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу Казахстана на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».
«Потенциал отечественной сельскохозяйственной отрасли колоссален, однако мы до сих пор не можем раскрыть его в полной мере. Вокруг Казахстана огромные рынки сбыта, которые нуждаются в качественных продуктах питания», — отметил Касым-Жомарт Токаев.
Стратегическая цель нашей страны, как отметил Президент, – стать одним из ведущих аграрных центров Евразийского континента. Это невозможно без поэтапного перехода от первичного производства к выпуску продукции более высоких переделов. Задача – в течение трех лет увеличить долю переработанной продукции в АПК до 70%. Это потребует пересмотра налоговой политики, которая должна стимулировать именно переработку. Для качественного рывка в отрасли необходима критическая масса крупных игроков.
По мнению Президента, чтобы удержать собственные рынки и нарастить экспорт, нужно иметь предприятия, способные обеспечить масштабы, качество и регулярность поставок. Поэтому необходимо стимулировать укрупнение отечественных агрофирм, а также на взаимовыгодных условиях активно привлекать транснациональные корпорации.
«В приоритете должны быть перспективные для нас направления: глубокая переработка мяса, молока и зерна, развитие промышленного тепличного хозяйства. При этом нельзя забывать и о потенциале отечественных агропредприятий. Здесь показателен пример Северо-Казахстанской области, где возводятся более 100 крупных молочно-товарных ферм. Профессионализм аграриев и наличие кормовой базы в сочетании с применением выверенных инструментов государственной поддержки дают неплохие результаты. Следует распространить этот опыт на строительство птицефабрик, овощехранилищ и предприятий мясного животноводства», — отметил Глава государства.
Для развития села принципиально важна поддержка малых хозяйств, считает Президент. «Программа «Ауыл аманаты» доказала свою востребованность. Следующим этапом ее развития должна стать не просто выдача льготных кредитов, но и стимулирование кооперации личных подсобных хозяйств», — сказал Глава государства.
Касым-Жомарт Токаев указал на серьезную проблему изношенности машинно-тракторного парка – этот показатель на сегодня составляет 80%. Поэтому темпы обновления сельскохозяйственной техники следует довести до 8-10% в год. При этом, как подчеркнул Президент, нужно учесть интересы и отечественных производителей техники, и аграриев.
«В условиях нарастающей глобальной конкуренции и переориентации товарных потоков особое значение обретает сбытовая политика. Крайне важно сохранить внутренние и экспортные ниши, наработанные годами. Перед Правительством стоит задача планомерного расширения географии экспорта. Необходимо принять меры для продвижения казахстанских товаров на зарубежных рынках», — отметил Глава государства.
Мемлекет басшысы тариф саясатын түбегейлі қайта қарауды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тариф саясатын қайта қарап, монополистерге жауапкершілікті күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн, яғни баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Президенттің айтуынша, қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады.
«Сонымен қатар, монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады», — дейді Мемлекет басшысы.