Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдап жатыр
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступает с Посланием народу Казахстана «Экономический курс Справедливого Казахстана».
Президент «жасыл» экономиканы дамыту мәселелеріне ден қоюды тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», — деп тапсырма жүктеді Президент.
Мемлекет басшысы электр қуаты, жылу және су тұрмысқа аса қажетті игіліктер екенін айта келе, оны үнемдеп пайдалануға шақырды.
Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Суды тым көп қажет ететін егіс алқаптарын азайту керек – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында су үнемдеу бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн», — деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес екенін, сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын айтты.
Бұған дейін Президент алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70% жеткізу керектігін айтқан еді.
Сондай-ақ, елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет.
В Казахстане будет создана Национальная гидрогеологическая служба
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Актуальной остается проблема доступности и качества водных ресурсов. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу Казахстана на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».
«Актуальной остается проблема доступности и качества водных ресурсов. С учетом тенденции роста населения и экономики к 2040 году дефицит воды в Казахстане может достичь 12-15 миллиардов кубических метров. Наша страна зависит от ресурсов трансграничных водных источников. Реки и каналы Евразии – общее природное достояние, призванное объединять народы и экономики. По данному вопросу нужно всегда находить понимание и взаимовыгодный консенсус со своими соседями и друзьями. Поэтому проведение выверенной водной политики, решение вопросов трансграничного водопользования – это важнейшие задачи Правительства», — сказал глава государства.
Президент также отметил, что фермеры и промышленники нуждаются в качественном анализе и прогнозе по воде. Это касается и ежегодных поставок, и среднесрочной перспективы.
«Поэтому надо планировать загодя. Вместе с тем важно рачительно относиться к внутренним водным ресурсам. Процесс внедрения водосберегающих технологий идет крайне медленно, отсутствует культура ответственного водопотребления. Потери в сельском хозяйстве, ключевом потребителе воды, в отдельных регионах достигают 40%. Фактический износ водохозяйственных объектов превышает 60%. Для исправления ситуации необходимы самые решительные и быстрые меры.
В первую очередь следует ускорить внедрение передовых водосберегающих технологий – до 150 тысяч гектаров в год. Необходимо решить вопрос накопления талой воды и потерь при ее передаче, ведь это наш внутренний резерв. Для этого нужно построить 20 новых и реконструировать как минимум 15 действующих водохранилищ, модернизировать и оцифровать не менее 3500 километров каналов. Задача – к 2027 году обеспечить дополнительно около двух кубических километров воды», — заключил Касым-Жомарт Токаев.
Между тем, Глава государства сообщил, что в рамках министерства будет воссоздана Национальная гидрогеологическая служба.
«Реформированию подвергнется вся система управления водным хозяйством страны, включая ключевые компании «Казводхоз», «Нуринский групповой водопровод» и другие. В целом, потребуется существенное материальное и, самое главное, кадровое усиление всей отрасли. Нарастающий дефицит воды является общей проблемой для стран Центральной Азии. Рациональное использование водных ресурсов, наряду со сферами энергетики и транспорта, может стать еще одним важным элементом новой модели региональной кооперации. Поручаю Правительству всесторонне проработать данный вопрос с соседними государствами», — добавил Президент.
️Мемлекет басшысы:
«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.
Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем.
Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз»
Цифрландыру саласын реттейтін біртұтас заң әзірленеді — Жолдау
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар қауымын цифрландыр саласын реттейтін біртұтас құжат әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеу жүргізумен айналысуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан есептеу қуаттарын жаһандық тұтынушыларға сататын орынға айнала алады.
«Сондықтан ірі мәлімет орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қамти отырып, барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сондай-ақ мәліметті сақтау және өңдеу саласында Қазақстанның мүддесін ілгерілету қажет. Цифрландыру ісінде басшылыққа алынатын қағидаттарды заң жүзінде бекітетін кез келді. Үкіметтен, сарапшылар қауымынан, Парламент депутаттарынан біртұтас салалық құжат әзірлеу мәселесімен айналысуды сұраймын», — деді Президент.
Важно перезагрузить деятельность «Отбасы банка» — Глава государства
АСТАНА. КАЗИНФОРМ — Развитие предпринимательства – приоритетная задача для Правительства. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».
«Принятые в последние годы меры обеспечили стабильный рост малого и крупного бизнеса. Однако темпы развития среднего предпринимательства недостаточны. Для успешного перехода на новую экономическую модель придется поднимать его практически в «ручном режиме». В первую очередь необходимо устранить перекосы, сдерживающие средний бизнес. Не секрет, что большая его часть, вырастая, дробится, чтобы остаться в «удобном» сегменте малого бизнеса. Правительству следует внести изменения в законодательство, стимулирующие укрупнение субъектов малого предпринимательства. В стране не так много успешных средних предприятий, активно осваивающих рынки. Их нужно поддерживать. По каждому из них надо составить конкретный план, нацеленный на увеличение возможностей и расширение производства в два-три раза», — отметил Президент РК.
По словам Главы государства, следует объединить программы «Дорожная карта бизнеса» и «Экономика простых вещей» в комплексную программу поддержки малого и среднего предпринимательства»
«Государственную поддержку важно дифференцировать по уровню технологической сложности производств и категориям бизнеса. Крайне важна операционная эффективность государственной поддержки. Поэтому нужно осуществить структурную трансформацию холдинга «Байтерек» и его масштабную цифровизацию. Самого пристального внимания требует стимулирование экспорта. Механизмы для этого имеются, но нет системного подхода. Поэтому на базе компании KazakhExport следует создать полноценный институт продвижения экспорта с консолидацией в нем всех необходимых инструментов. Кроме того, важно перезагрузить деятельность «Отбасы банка», переориентировав фокус с областных центров на районы, моногорода и села», — отметил Глава государства.
Успешное развитие предпринимательства невозможно без развития конкуренции. Сегодня в целом ряде базовых отраслей доминируют несколько крупных игроков. Это ведет к искажениям рынка.
«Агентство по защите и развитию конкуренции совместно с Правительством должны принять меры для демонополизации ключевых рынков. Мы создали благоприятные условия для функционирования товарных бирж, что должно было способствовать организованной торговле. Но недостаточно эффективное регулирование привело к появлению так называемых «карманных» товарных бирж. Они превратились в площадки для устранения конкуренции, обхода закупочных процедур в пользу импорта и непродуктивного посредничества. Следует ужесточить регуляторные требования и полностью устранить указанные недостатки. При этом важно обеспечить полноценный доступ отечественных производителей к передовым торговым инструментам. Нельзя замыкаться только в пределах национальной торговой системы. Совместно с бизнесом следует проработать вопрос создания сильной региональной товарно-сырьевой биржи», — резюмировал Глава государства.
«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек – Президент
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында«Отбасы банк» қызметін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға аударған жөн», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды екенін жеткізді.
«Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Бәсеке дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды», — деді Президент.
Президент автокөлік жолдарының құрылысын сынға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Автокөлік жолдарының құрылысында міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», — деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ПрезидентҚазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатынын айтты.
Президент келер жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық төлем жүйесін 2024 жылы толық енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тағы бір маңызды мәселе – қор нарығын дамыту. Қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Олар жұмыс барысында көбіне бірін-бірі қайталайды, тіпті өзара бәсекеге түсіп жатады. Еліміздің қаржы жүйесі үшін бұл тым артық. Ішкі нарықтың көлемін және тартымдылығын арттыру үшін осы биржалардың әлеуетін біріктіріп, бір жерден басқару мәселесін қарастыру қажет», — деп ұсыныс білдірді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент келер жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды.
«Төлем жүйелерінің тұрақтылығын сақтау да өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Былтыр Ұлттық банк ұлттық төлем жүйесінің бірінші бөлігі – жылдам төлемдер жүйесін іске қосты. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ұлттық банкке 2024 жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырамын», — деді Президент.
Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Национальная платежная система будет внедрена в 2024 году
АСТАНА. КАЗИНФОРМ — Развитие фондового рынка — приоритетная задача. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».
«Еще одним источником «длинных денег» призван стать фонд, создаваемый в рамках закона о возврате капитала. Все поступающие средства должны быть использованы максимально эффективно и прозрачно для решения общестрановых задач. Следующая приоритетная задача – развитие фондового рынка. В настоящее время в Казахстане функционируют две фондовые биржи, которые во многом дублируют друг друга, а порой и конкурируют между собой. Для нашей финансовой системы это избыточно. В целях повышения емкости и привлекательности внутреннего рынка поручаю проработать вопрос объединения потенциала данных бирж под единым управлением», — отметил Президент РК.
По слова Главы государства, весьма актуальной финансовой темой остается устойчивость платежных систем. В прошлом году Национальный банк запустил первый компонент Национальной платежной системы – Систему мгновенных платежей, которая на сегодня работает в пилотном режиме.
«Поручаю Национальному банку в течение 2024 года завершить процесс полноценного внедрения Национальной платежной системы», — заявил Глава государства.
«Нацфонд — детям». Токаев рассказал, когда на счета детей начнут поступать средства
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев рассказал, когда на счета детей начнут поступать средства в рамках проекта «Нацфонд — детям», передает корреспондент Tengrinews.kz.
«В этой связи хочу упомянуть некоторые меры, напрямую повлиявшие на качество жизни граждан. Например, с 2020 года заработная плата учителей выросла в два раза. Существенно увеличилась и зарплата врачей, сейчас их доходы значительно выше средних зарплат по стране. Гражданам предоставлена возможность использовать часть пенсионных накоплений», — сказал Президент в ежегодном Послании народу Казахстана.
По словам Главы государства, данная мера благотворно повлияла на благосостояние около миллиона человек, позволив им решить свои жилищные проблемы.
«В рамках проекта «Комфортная школа» будет построено около 400 школ. В сельской местности возводится более 300 объектов здравоохранения. Начата реализация проекта «Нацфонд — детям», в рамках которого уже с нового года на счета детей начнут поступать средства», — сказал Токаев.
Президент отметил, что в собственность государства возвращено 8 миллионов гектаров неиспользуемых или незаконно выданных земель.
«Я назвал только часть уже реализованных на практике инициатив. Проделана большая работа, и она будет продолжена», — заключил он.
«Ұлттық қор — балаларға». Тоқаев балалардың есепшотына қаражат қашан түсе бастайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті.
«Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады», — деді Тоқаев.
Районным акимам могут разрешить самостоятельно формировать бюджет
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – В рамках перехода на новую экономическую модель предстоит повысить уровень бюджетной самостоятельности регионов. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».
«В региональной политике уже проведены важные реформы – это и внедрение прямой выборности акимов, и административная реформа. Однако не менее актуальным вопросом является – кардинальное изменение межбюджетных отношений. В рамках перехода на новую экономическую модель предстоит повысить уровень бюджетной самостоятельности регионов. Решение о передаче в регионы части поступлений по корпоративному подоходному налогу и иным видам платежей дало положительные результаты. В прошлом году рост доходов регионов превысил 30%. Поэтому следующим этапом реформы будет распространение этой нормы на другие налоги, включая НДС. Задача – передать на второй уровень бюджета дополнительно не менее двух триллионов тенге. По итогам поэтапной фискальной децентрализации доля трансфертов из республики в структуре доходов местного бюджета должна снизиться в среднем до 25% (сейчас — около 50%)», — сказал Касым-Жомарт Токаев.
Президент заявил, что следует предоставить районным акимам право самостоятельно формировать бюджет.
«Прежде всего это позволит существенно ускорить решение насущных проблем на местах. Необходимо также рассмотреть возможность передачи в регионы полномочий по определению преференций по той части налогов, которые собираются в местный бюджет. Данная мера придаст серьезный импульс развитию бизнеса, будет способствовать устойчивому прогрессу регионов. Поэтому при переходе на новую модель бюджетных отношений все акимы должны думать об эффективности и пользе для страны в целом»
«Еще один важный момент. Объявленная мной ранее дифференциация налоговых ставок в разных секторах экономики должна обеспечить распределение налоговой нагрузки соразмерно повышению сложности производства. Предприниматели справедливо жалуются на сложную процедуру возврата НДС, что серьезно ухудшает инвестиционный климат в стране. Правительству следует оперативно устранить эту застарелую проблему. Нужно, наконец, упорядочить налоговые льготы. Они должны стать адресным инструментом экономического стимулирования. Недополученные налоги – это непостроенные больницы, дороги и школы. Следует критически проанализировать и сократить объем налоговых льгот минимум на 20%. Оставшиеся преференции должны предоставляться по четким правилам, без привязки к отдельным проектам и персонам», — озвучил Глава государства.
Президент подчеркнул, что необходимо провести полную цифровизацию налогового контроля и на 30% сократить формы налоговой отчетности.
«Что касается налогового администрирования, то следует обеспечить переход на сервисную модель взаимодействия между фискальными органами и налогоплательщиками. Цель – не наказать, а предупредить. Необходимо провести полную цифровизацию налогового контроля и на 30% сократить формы налоговой отчетности. Можно и нужно как минимум на 20% уменьшить общее количество видов налоговых и иных обязательных платежей в бюджет. Там, где нет значимой фискальной отдачи, следует исключить их полностью, остальные можно объединить. Показала свою востребованность инициатива по внедрению розничного налога. Учитывая положительный опыт, Правительство расширит сферу его охвата в два раза. Предстоит также ускорить введение прогрессивного налогообложения. В рамках перезагрузки налоговой политики от Правительства и Парламента потребуются смелые и выверенные решения», — заключил Касым-Жомарт Токаев.